Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

17 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

16 Сентября 2021 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Сағат 10.00-де Astana Marriot Hotel қонақ үйінде Дүниежүзілік бизнес конфедерациясының (World Confederation of Businesses, АҚШ) топ-менеджментінің қатысуымен елордада келесі жылы «Bizz Eurasia 2022» шарасын өткізу туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де EU Beach Clean Up халықаралық науқаны мен Дүниежүзілік тазалық күні аясында Есіл өзені тазартылады.

Сағат 11.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Қазақстанның еңбек нарығы туралы алғашқы ұлттық баяндама» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.

Сағат 11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Astana Ballet» IX театр маусымының ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы басталады.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Ключевые слова: Қоғам,
Наверх