Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жылдық өсім - 2 пайыз: Дәрі-дәрмек бағасы қалтаға салмақ салды ма

30 Ноябрь 2021 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қазанында Қазақстанда дәрі-дәрмек, емдеуге арналған құралдар-жабдықтар мен аппаратуралар 1 айдың ішінде 0,4, ал жыл ішінде 2,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Сектордағы ай ішінде орын алған ең жоғары өсімі Алматы (1,7 пайыз), Қостанай (1,5) және Түркістан облыстарында (1) байқалады.

Ал жылдық қарқында қымбатшылықты Ақмола мен Маңғыстау облыстарының (8,1 пайыз), Нұр-Сұлтан қаласының (7) тұрғындары сезінді.

Бағаның жылдық өсімі еліміздің 17 өңірінің 16-сында байқалады. Тек Ақтөбе облысында ғана бағаның 1,8 пайызға төмендеуі тіркелген.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының мониторингіне кіретін дәрілік заттардың ішінде 30 мл-лік «Хилак форте» бағасы бірден 20,3 пайызға қымбаттап, 1,6 мың теңгеге жеткен.

Ал 125 мл-лік «Аквалор» 9,8 пайызға өсіп, 2 мың теңгеге, ішінде 100 дәрі бар 40 мг-дық «Но-шпа» 9 пайызға артып, 2,7 мың теңгеге, 30 капсулалық «Эссенциале форте Н» 8,2 пайызға қымбаттап, 2,9 мың теңгеге, жөтелге арналған 100 мл-лік «Бронхикум-С» шәрбаты 7,3 пайызға артып, 1,5 мың теңгеге дейін өскен.

Сонымен қатар парацетамол, азитромицин, «Гипотиазид», «Верошпирон» сынды дәрілердің арзандағаны байқалады.


Юқорига