Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль еншіледі

24 Июль 2021 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің маңызды әлемдік деңгейдегі жарыстарда – математика мен биологиядан халықаралық олимпиадалардағы оқушылардың жетістіктері жайлы мәлім етті. Бұл туралы ведомоство басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір бүкіл әлемнің әрі еліміздің назары Токиодағы Олимпиада ойындарында.

Біз Қазақстан құрамасына жанкүйерміз.

Бұл постта еліміздің басқа да маңызды әлемдік деңгейдегі жарыстарда – математика мен биологиядан халықаралық олимпиадалардағы оқушылардың жетістіктерімен бөліскім келеді.

Математика пәні бойынша олимпиадада біздің оқушылар алты медаль жеңіп алды, оның ішінде бір алтын, 3 күміс және 2 қола бар. Еліміздің атынан әлемдік деңгейдегі олимпиадаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Атырау қаласынан алты оқушы қатысты.

Алтын медаль иегері – Мырзатай Айбек, күміс медаль иегерлері – Дүйсенбеков Данат, Сатубалдин Таир, Сам Фетуллах, қола медаль иегерлері – Олжабаев Асылбек және Баймурзин Рахим.

Биология пәні бойынша олимпиадада ел намысын Нұр-сұлтан, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олар 1 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ 1 Құрмет грамотасын ұлттық құраманың қоржынына салды.

Күміс медальді Темірбеков Ерасыл, қоланы Батыржанов Ернар мен Ерназаров Бақдәулет, Құрмет грамотасын Әбдуәлі Гүлдана жеңіп алды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын, мұғалімдері мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймын!

Құрметті оқушылар!

Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер әлемнің жүзден астам еліндегі құрдастарыңызбен зияткерлік сайыста жарысып, еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыздар.

Болашақта биік белестерді бағындыруды тілеймін! Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз.

Осы жылдың басынан бері біздің оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль жеңіп алып, өз білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов өз жазбасында.





Калит сўзлар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Білім, Ғылым,
Юқорига