Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Желіде ауыл маңында жүрген сілеусіннің видеосы тарады

27 Октябрь 2021 19:43

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Өндіріс ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы алқапта жүрген сілеусінді ұялы телефонға түсіріп алды. Жабайы аң бұл өңірде сирек кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сілеусінді СҚО тұрғындары Уәлиханов ауданы Өндріс ауылының маңындағы алқапта кездестірген. Бейнежазбада жабайы аң ауыр демалады. Оны көрген желі қолданушылары сілеусіннің өмірі үшін қорқып, уайымдарын білдірді.


СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар әлемі, балық ресурсы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Михаил Никитиннің айтуынша, өңірде сілеусін кездеседі. Соңғы есеп бойынша Шал ақын және Айыртау ауданындағы ұлттық парк аумағында 12-сі жүр. Ал бұл бейнежазбадағы жабайы аң Ресейден немесе көрші Павлодар облысынан келуі мүмкін.


Муаллиф Ақерке Дәуренбекқызы
Калит сўзлар: Видео, Солтүстік Қазақстан облысы, Оқиға,
Юқорига