Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда тайфун толқындарының биіктігі 10 метрге жетті

24 Июль 2021 10:35

ТОКИО. ҚазАқпарат - Осы аптаның басында өңірді жайпап өткен «Ин-фа» тайфунының салдарынан Окинаваның Оңтүстік префектурасында бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен сейсенбіден бастап Жапонияның оңтүстігінде тропикалық дауыл соғып тұр. Елдің метеорологиялық басқармасының мәліметінше, орталық бөлігіндегі желдің жылдамдығы шамамен 40 м/с, ал екпіні 55 м/с болған.

Тайфунға байланысты, Наха қаласындағы Окинава бас әуежайының онлайн-тақтасына сәйкес, 56 ішкі рейстер кейінге шегерілді. Сондай-ақ аймақта паром қызметі тоқтатылды, өйткені кейбір жерлерде толқындардың биіктігі 10 метрге жетті.


Калит сўзлар: Жапония, Оқиға,
Юқорига