Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21 Май 2022 01:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы алда өтетін жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті жанкүйерлер! Қолдауларыңызға рақмет. Сіздер біздің командамызсыздар! Сіздер біздің тілеулесімізсіздер! Айтқан, жазған қолдау сөздеріңіз бізге қосымша күш! Бұйыртса тарих жасаймыз! QAZAQ STYLE дәуірі келді!», - деп жазды боксшы өзінің желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі Лас-Вегаста 22 мамырда сағат 8:00-де басталады. WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу алдында боксшылар кездесіп, көз түйістірді.

Айқас «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылғы Әлем және Азия біріншіліктерінде чемпион атанды. 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді.

Бұған дейін 11 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарын қапы қалдырды. Олардың 7-і нокаутпен аяқталған.


Калит сўзлар: Спорт, Бокс,
Юқорига