Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді

27 Сентябрь 2021 16:35

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің қандай кәсіпорындарына Ashyq-сыз жұмыс істеуге рұқсат берілетінін және қандай әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметін жандандыра алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыдағы 2-қосымшада көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Ashyq қосымшасын пайдаланбайтын кәсіпорындардың қызметі қайта жанданады.

2-қосымшаға сәйкес қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған кезде Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік - экономикалық объектілер қызметтерінің өлшемдеріне сәйкес, қызметкерлерде және келушілерде жасыл мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметке рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз (жасыл) мәртебесі болған жағдайда рұқсат етіледі:

салтанатты, отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) толымдылығы 50%-дан асырмай, бірақ 50 орынға толтыруға рұқсат етілді;

- 50%-ға дейін, 50 орыннан аспайтын адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шараларға;

- 70%-дан аспайтын, бірақ 200 келушіден көрмелер өткізу;

- 500 адамнан аспайтын марафондар (ашық ауада) өткізу;

- көрермендермен 50%-дан аспай толтырылған спорттық іс-шаралар өткізу;

– спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының (жаттығулардың) толтырылуы 20%-дан аспайтын қызметі;

- діни объектілер қызметі (жұма намазын жабық үй-жайларда өткізу) 20%-дан асырмай;

- ойын клубтарының (казино) қызметі 50 адамнан асырмай жұмыс жасауларына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарындағы қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру бойынша талап қалады.

Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілген жағдайда қашықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады.

Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID - 19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.


Юқорига