Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші анықталды

27 Май 2022 10:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жедел басқару орталығының қызметкерлері 19-мамырдан бері 90-нан астам құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір таққан 1 автокөлік ұсталды.

«Қорғау» жүйесі арқылы Жедел басқару орталығындағы қызметкерлерге Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылы бойында 2 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмір таққан «Нексия» автокөлігі бойынша белгі берілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тез арада автокөліктің жүрген жерін анықтады. Ол Тәуке хан даңғылы мен Кеңесары көшесінің қиылысында тоқтатылды. Оған қоса жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған», - деп жазды ведомстводан.

Белгілі болғандай, жас жігіт 2021 жылғы қазаннан бастап, биылғы наурызға дейін 67 рет әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, айыппұлы – 2 млн 244 мың теңге. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 593-бабы, 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа жеткізілді.

Айта кетейік, соңғы бір аптада Түркістан қаласы бойынша орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мас халде көлік басқарған 4 жүргізуші, көліктің алдыңғы терезелерін күңгірттеген 7 жүргізуші, мемлекеттік тіркеу белгісін тақпаған 1 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ 2 қылмыстың ізі суымай ашылды.


Калит сўзлар: Айыппұл, Полиция, Түркістан облысы,
Юқорига