Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды

29 Ноябрь 2021 10:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингілерінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 14-ші орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-ші орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер «жүздігінен» шығып кетті.

Жұптық разрядта үздіктер «үштігін» бұрынғыдай чехиялық

Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-ші орынға тұрақтаған.


Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига