Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

23 Июнь 2021 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қанша адам вакцинадан кейін де коронавирус жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған. Мұның өте төмен деңгей - 0,05% екенін атап өткім келеді. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігін 92% деп көрсеткен, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Спикер «Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazVac» вакциналарын алған науқастар туралы мәліметтерді келтірді.

«Спутник V» алғашқы дозасынан кейін 979 адам ауырып қалған, «QazVac-тен» кейін –сегіз және «Hayat-Vax» вакцинасынан кейін - 35 адам ауырған.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Елде вакциналау міндеттелуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берген еді.

Премьер-Министр орынбасары Қазақстанда вакциналау қарқыны көңіл көншітпейтінін және егу санын арттыру талаптары күшейетінін жеткізді.



Юқорига