Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританиядағы дауыл салдарынан 112 мың адам жарықсыз қалды

28 Ноябрь 2021 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні кешке Ұлыбританияға келген «Арвен» дауылы салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Біріккен Корольдіктің метеорологиялық қызметі күшті желдің салдарынан ел аумағында қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Дауылдың екпіні 44 м/с-ке жетті. Англияның солтүстігінде 112 мың адам электр желілерінің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды.

Сондай-ақ «Арвен» дауылы екпінді желден бөлек, Шотландия, солтүтік және орталық Англияға қар әкелген.
Сенбі күні таңертең жел басылып, билік мұз бен қардың салдарынан ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.


Калит сўзлар: Еуропа, Әлем, Ауа райы,
Юқорига