Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк студенттерді өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды

20 Октябрь 2021 15:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі талантты жастарды қаржы ұйымының құрылымында жұмыс істеуге тарту мақсатында өндірістік тәжірибеден өткізу үшін жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады

Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу;
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).
  3. Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар керек:
  4. Тіркеу формасы;
  5. Жоғары оқу орынның басшылығынан немесе жоғары оқу орынның факультет басшылығынан ұсыным хат;
  6. Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
  7. Оқу орыннан студенттің жоғары оқу орнында оқитынын растайтын анықтама;

Қосымша келесі құжаттар да ұсынылуы мүмкін:

  1. Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
  2. Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.
  3. Бүкіл құжатты мына электрондық поштаға жіберу қажет: nargiz.kurmangozhayeva@nationalbank.kz.
  4. Өндірістік тәжірибе кезінде Ұлттық банктің барлық қызмет бағытынан өтуге болады.
  5. Студенттер өздері алған теориялық білімді өндірістік тәжірибеде бекітуге және дипломдық/магистрлік жұмыстарды жазуға қажетті материалдарды жинақтауға мүмкіндік алады.
  6. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірістік тәжірибе офлайн режимде де, қашықтан да өтуі мүмкін.

Калит сўзлар: ҚР Ұлттық банкі, Экономика, Білім, ЖОО-лар, Жастар,
Юқорига