Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінда қандай құжаттарға қол қойылды

16 Сентябрь 2021 17:11

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің жиынында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жиында төмендегі құжаттарға қол қойылды және қабылданды:

  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрамаларының уақытша орналасуына қатысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі келісім.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлесіп материалдық-техникалық және медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі келісім.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бітімгерлік қызметі туралы 2007 жылғы 6 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қоюдың 30 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы байланысының қорғалған мультисервистік жүйесінің схемасы туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бірлескен штабының бастығы туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2020 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2022 жылға арналған бюджеті туралы» шешімі.
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын өткізу уақыты мен орны, Ұйымға төрағалық ету туралы» хаттамалық шешімі.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.
Юқорига