Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкімет Экологиялық кодекстегі бағалаудың жаңа құралдары жайында мәліметтермен бөлісті

29 Ноябрь 2021 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Экологиялық кодекске экологиялық бағалаудың жаңа құралдарын енгізу барысы туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық заңнамаға рұқсат беру процедураларын жеңілдетуді жүзеге асыру аясында Кодекске қоршаған ортаға әсерін бағалаумен қамту салаларын анықтау, көзделген қызмет әсерін скринингтеу, жеңілдетілген тәртіпке экологиялық бағалау сынды экологиялық бағалаудың жаңа құралдары енгізілді», - делінген Роман Склярдың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, келесі заң аясындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген:

Экологиялық реттеу нысандарының ІІІ санатынан ұсқа құрылыс жұмыстарын алып тастау бөлігінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін нысандардың санатын анықтау жөніндегі нұсқаулық;

Интернет ресурстарда жария талқылау енгізу және мерзімін қысқарту бөлігінде қоғамдық тыңдау өткізу ережесі.

«Жалпы, бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Экология, Мәжіліс, ҚР Үкіметі,
Юқорига