Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» «Омониямен» тең түсті

16 Сентябрь 2021 22:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің бірінші турында қазақстандық «Қайрат» алғашқы ойынын Кипрдің «Омония» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойында екі команда да жеңіске жету жолын іздеді. Алаң иелері тарапынан басымдық байқалып тұрды. Десе де алматылық команда ойыншылары көздеген нысадан мүлт жіберіп жатты.

Екінші кезеңде де ойын осылайша өрбіді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Сондай-ақ, бүгін аталған топта «Карабах» (Әзербайжан) және «Базель» (Швейцария) командалары тартысқа түседі.

Енді «Қайрат» келесі ойынын 30 қыркүйекте Швейцарияның «Базель» командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.




«Қайрат» биыл еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысынан бастады. Алдымен Израильдің «Маккаби Хайфа» (1:1, 2:0) жеңіп, одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) жол берді.

Ал Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкертінен» (0:0, 2:3) жеңілді.

Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембургтің «Фола» клубының (4:1, 3:1) осал тұсын тапты.


Фото: facebook.com/fckairat


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига