Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Уақытша ашылған 103 инфекциялық стационар жабылды - министр

26 Октябрь 2021 09:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде уақытша ашылған 103 инфекциялық нысан жабылды. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 тамыздан бастап Қазақстанда инфекциялық төсек-орын жүктемесінің 56-дан 37 пайызға, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 45-тен 30 пайызға төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмысы жалғасып жатыр. Осы жылдың 25 тамызы мен 18 қазаны аралығында барлық өңірде 103 нысан жабылды», - деді ол.

Алексей Цойдың дерегінше, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентімен шамамен 8,2 млн адам, екінші компонентімен 7,3 млн-нан астам адам егілді.

«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасып жатыр», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Юқорига