Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

29 Ноябрь 2021 11:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қалалық полиция басқармасына түнгі сағат 02:00 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, көрші әйелге көмек қажет екенін жеткізген. Оның айтуынша, көпқабатты тұрғын үйде көрші болып тұратын ерлі-зайыптылардың арасындакикілжің пайда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына патрульдік полицияның экипажы шұғыл жеткен.

Отбасылық жанжал болып жатқан үйдің отағасы есікті ашудан бас тартқан соң, учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандары Төребек Омаров пен Сәден Серібаевтар, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері де жедел жанжал орнына барған.

Алайда полицейлердің келгеніне ашуланған ер адам есікті ашпайды. Ал ішкі жақтан әйелдің көмектесіңдер деген дауысы шығып жатты. Содан соң полицейлер есікті бұзып кіруден басқа жол жоғын жеткізгенде, үй иесі 5-қабаттағы балконынан секіріп кететінін айтады. Жағдай адам өміріне байланысты

болғандықтан тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекет етті. ТО ПД арнайы

мақсаттағы 4 бірдей бөлініс қызметкерлері шақыртылды. Олар көпқабатты үйдің

сызбасымен жақсылап танысып алып, барлық әрекеттерді жоспарлады. Аталған 4

полицейдің екеуі үйдің есігінің алдында есікті ашуға дайындалып тұрса, тағы екеуі

арнайы әкелген құрал-саймандарымен көпқабатты пәтердің шатырына шықты.

Шатырда орналасқан мұржаға биіктіктен түсуге арналған жіптерін мықтылап байлаған

полицейлер, жауынгерлік күрес-тәсілдерін пайдаланып, қажетті құрылғымен балконға

секіріп түсті. Осылайша полицейлер бір мезгілде жедел әрекет ете алды. Содан кейін

үйде шу шығарып, өзін өлтіруге бекінген ер адамды ұстап, құтқарып қалды.

Ал ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл

зиян келтіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар «Тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес Түркістан қаласы

тұрғынының жұбайына қатысты оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін қорғау нұсқамасына алынды.

Өз кезегінде көршілері полицейлерге алғыстарын білдірді.


Калит сўзлар: Түркістан облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Юқорига