Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында жүк көлігі көпір қоршауына соғылып, Қырғызстан азаматы көз жұмды

14 Июль 2021 13:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жүк көлігі көпір қоршауына соғылып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 шілде кешкі уақытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолында «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда қаласына қарай бет алып бара жатып, көпірдің қоршауына соқтығысты.

Апат салдарынан автокөлік өртеніп кетті.

Сондай-ақ алған жарақатынан жүк көлігінің жолаушысы, Қырғызстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды.

Апат орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жетті.

Жүк көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Сайрам АПБ-ға жеткізілді.

Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда абай болуға шақырады.


Калит сўзлар: Оқиға, Жол, Түркістан облысы, Көлік, Қырғызстан,
Юқорига