Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында тұрғындардан қару, есірткі және діни сипаттағы материалдар табылды

17 Январь 2022 11:12

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қару мен есірткі және діни сипаттағы материалдарды заңсыз сақтаумен айналысқан тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Аталған шараның барысында полиция қызметкерлері қару мен есірткі және діни сипаттағы материалдарды заңсыз сақтаумен байланысты 7 жайтты анықтады.

Мәселен, Отырар ауданының аумағында ұсталған жергілікті тұрғыннан марихуана салынған қағаз орама мен 36 патроны бар тіркелмеген екі ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктіден діни сипаттағы 20-дан астам кітап, брошюралар мен журналдар алынды.

Ал, Түлкібас ауданында жедел уәкілдер ер азаматтан тіркелмеген тапанша мен 16 калибрлі шолақ мылтықты тапса, Кентау қаласының тұрғынынан марихуана мен металл кастетті тәркіленді.

Жетісай ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген газды тапаншасы бар күдіктіні ұстады.

Одан түрлі калибрлі 20-дан астам оқ-дәрі, металл және ағаш дубинкалар мен «марихуана» салынған орама табылды.




Мақтаарал тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық, ал ордабасылық азаматтан 12 калибрлі шолақ мылтық тәркіленген.

Сарыағаштық жедел уәкілдер тіркелмеген травматикалық тапаншасы бар аудан тұрғынын ұстады.

«Бүгінгі таңда, барлық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.





Юқорига