Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

27 Май 2022 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Юқорига