Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов алғашқы қарсыласынан басым түсті

24 Июль 2021 10:05

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2010 жылғы жастар арасындағы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді.

Енді Елдос ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, боксшылар арасынан алғаш болып ригнке шыққан Серік Теміржанов венгриялық қарсыласын сүріндірді.


Муаллиф Есімжан Нақтыбай
Калит сўзлар: Бокс, Олимпиада, Жапония,
Юқорига