Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: 2 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

2 Август 2021 00:45

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 2 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында байдарка мен каноэде ескек есу, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, оқ ату, синхронды суға жүзу, cу добы бар.

06:58 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жекелей сын. 200 метр. Әйелдер. Наталья Сергеева

07:05 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жұптық жарыс. 1000 метр. Ерлер. Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов

07:30 Жеңіл атлетика. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу. Ольга Сафронова

08:30 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 77 келі. Демеу Жадраев — Сохеи Ябику (Жапония)

Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.

08:30 Оқ ату. Үш түрлі тұрыста витовкадан оқ ату. 50 метр. Ерлер. Юрий Юрков

16:30 Синхронды суға жүзу. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Александра Немич, Екатерина Немич

16:50 Су добы. Ерлер. Алдын ала іріктеу кезеңі. Қазақстан — Австралия.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.

Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Олимпиада, Спорт,
Юқорига