Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жариялады

15 Октябрь 2021 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жыл Қазақстанда ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жарияланды. Бұл туралы ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдени-гуманитарлық өлшемдер дәстүрлі түрде тарихи байланыстарды сақтау мен халықтарымызды мұнан ары да жақындата түсуде маңызды рөлге ие. Осыған орай біз келесі жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жарияладық. Оны өткізу жоспары тарихи баланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм мен спорт салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шамамен 100 іс-шараны қамтиды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге бұған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттар септігін тигізе алады. Олардың қатарында жастар ынтымақтастығы, туризм, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты стратегиялар бар.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Молдова халқын Комрат қаласын 2023 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы болып таңдалуымен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы.


Юқорига