Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Кукушкин Истбурнда негізгі турнирге жолдама алды

20 Июнь 2021 21:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 91-ракеткасы, италиялық Андеас Сеппимен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де брейкпен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей білді – 7:5.

Бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы бір эйс, қос брейкпен шектелді.

Осылайша қазақстандық теннисші жүлде қоры 547 мың еуродан асатын Истбурн додасына жолдама алды. Оның қарсыласы кейін анықталады. Негізгі турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик те ойнайды.

Әйелдер арасында Истбурн турнирінің іріктеу сайыстарында қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 80-орындағы америкалық Мэдисон Бренглден 5:7, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен мұнда Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда ұлыбританиялық, рейтингте 142-сатыдағы Хэрриет Дартпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 307-сатыдағы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының бірінші айналымында әлемнің 81-ракеткасы, жапониялық Мисаки Доидан 2:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.



Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига