Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Тәуелсіздік жетістіктері»: Павлодар облысының барлық оқу орындарында ашық сабақтар өтті

20 Сентябрь 2021 19:32

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Павлодар облысының барлық оқу орындарында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақтар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс мектептері мен колледждерінің оқушылары үшін ашық сабақтарды өңірдің танымал тұлғалары, соның ішінде облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, депутаттар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, профессорлар, кәсіпорын басшылары және елдің дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан құрметті азаматтары өткізді.

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының оқушыларына ашық сабақты облыс әкімінің орынбасары Құрманова Айзада Амангелдіқызы жүргізді.

Айзада Амангелдіқызы оқушыларға Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері, жетістіктері мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, №43 ЖОМ-да мектеп түлегі, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Светлана Анатольевна Гладышевамен кездесу өтті.

№9 ЖОМ-да ұйымдастырылған іс-шараға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Кадиша Кабулдаевна Беготаева қатысты.

ПМПУ ректоры Жилбаев Жанбол Октябрович №2 ЖОМ оқушыларымен кездесті. Ал №20 ЖОМ оқушылары ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясовамен тілдесуге мүмкіндік алды.

№29 ЖОМ-ға «NUR OTAN» партиясы ПҚФ төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Каиртасқызы Маликова және Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова келді.

№17 ЖОМ ашық сабағында білім қызметкерлері кәсіподағының қалалық филиалының төрайымы Сабира Шакенқызы Сеитова сөз сөйледі.

Әлімбаева атындағы ЖОМ оқушыларымен Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі, «Қағандық» ҚБ төрағасы Еркеғали Жанғазы және Торайғыров университетінің профессоры Айман Файзоллақызы Зейнуллина кездесті.

Жалпы алғанда, «Тәуелсіздік жетістіктері» ашық сабақтарына 1000-нан аса құрметті қонақ және облыстың 100,0 мыңнан аса мектеп оқушы мен колледж студенті қатысты.


Юқорига