Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тау-кен саласындағы беделді «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары марапатталды

24 Октябрь 2021 03:15

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда тау-кен саласындағы беделді «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттар Astana Mining & Metallurgy – AMM 2021 11-ші Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде тапсырылды. Қарағанды облысының тұрғыны Нұржан Қойшыбеков «Жыл металлургі» номинациясында үздік деп танылды.

«Алтын Гефест» иесі Жезқазғанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құю -механикалық зауытында жұмыс істейді. Нұржан Қойшыбеков 35 жаста, ол көпбалалы әке, әйелімен алты баланы тәрбиелеп отыр. Өндіріске Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген соң келді. Ол қызметінде слесарлықтан бас металлургке өсті.

Нұржан Қойшыбеков Жезқазған құю -механикалық зауытында 12-ші жыл жұмыс істейді. Ол балқыту шебері, технолог болды. 28 жасында кәсіпорынның бас металлургі атанды. Бүгінде ол металлургиялық өндірістің технологиялық дайындығының барлық процестеріне жауап береді. Түркияның ірі зауыттарының бірінде тәжірибеден өтті.

«Әрине, жауапкершілік үлкен. Әріптестердің сенімін ақтау, кәсіби маман екенімді мойындату үшін уақыт пен тәжірибе қажет болды», – дейді Нұржан Қойшыбеков.

Дәстүрлі «Алтын Гефест» байқауы 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марапат ең беделділердің бірі болып саналады және мамандар мен жас мамандар үшін маңызды.


Муаллиф Агата Мухамеджанова
Калит сўзлар: Қарағанды облысы, Қоғам,
Юқорига