Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тараздық оқушының көлікпен каналға түсіп кеткен видеосы пайда болды

28 Май 2022 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласында рұқсатсыз автомобиль руліне отырып, көлікті басқара алмай каналға түсіп кеткен мектеп түлегі әрекетінің видеосы желіде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеодан байқалғандай жүргізуші тез бұрылуға әрекет жасайды, нәтижесінде көлігімен каналдағы суға түсіп кетеді.

Кейін анықталғандай, автомобиль руліндегі оқушы газ бен тежегішті шатастырып алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда мектеп бітіруші түлектің көлікпен каналға түсіп кеткені туралы хабарлаған едік.

Оқиға 25 мамыр күні Тараз қаласында болған. Мектеп бітірген түлек көлік иесінің шығып кеткенін пайдаланып, рулге рұқсатсыз отырған.

Аталған өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, рулдегі жасөспірім зардап шекпеген және ол көлікте жалғыз болған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оқушының ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салды.


Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Жамбыл облысы, Полиция, құқық,
Юқорига