Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда «Анаға тағзым» орталығы салынып жатыр

23 Июль 2021 05:11

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, құрылыс-жөндеу жұмысының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың жанында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Анаға тағзым» орталығы бой көтеріп жатыр.

Үш қабатты ғимараттың құрылысын «Елім – Строй» ЖШС жүргізуде. Мердігер компания нысанды осы жылдың күзінде тапсыруды жоспарлап отыр.

Мұнда нәзік жандыларға арналып түрлі курстар ұйымдастырылып, оларға құқықтық және психологиялық көмектер көрсетіледі.

Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер үшін тренингтер, қолөнер бөлмелері жұмыс істейтін болады.

Ғимараттың алдында аналардың құрметіне арналып ескерткіш орнатылмақ.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ескерткіш жергілікті мүсіншілердің қолынан шыққанын атап өтті.

Облыс әкімі нысанның ішкі безендіру жұмыстарын ұлттық нақышта жүргізуді тапсырды.

Тараз қаласының мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының орнында жақында оқушылар сарайы ашылмақ.

Қазір 600 орындық тағы бір корпустың құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысымен «Тараз құрылыс инвест» ЖШС айналысуда.

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы - 9,3 мың шаршы метр.

Ал, орталықтың ескі ғимаратының өзі жөндеуден өтеді.

Жұмыс істеп тұрған үйірмелерден бөлек, кеме модельдеу, ұшақ модельдеу, робототехника, IT орталығы, планетарий, обсерватория үйірмелері ашылады.

Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанына назар аударып, құрылыс басқармасына бақылауды тапсырды.

Бұдан соң № 2 және №22 орта мектептердегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы мектептердің жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс екенін атап өтті.

Сол секілді Шалғай Қарасу массивінде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынуда.

Облыс әкімі мектеп аумағын абаттандыруға ерекше назар аударуды және дәліздерді мотивациялық және танымдық суреттермен безендіруді талап етті.














Муаллиф Сая Сембай
Калит сўзлар: Аймақ, Жамбыл облысы, Құрылыс,
Юқорига