Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тараз қаласында 7 мектепте оқушылардан коронавирус табылды

18 Январь 2022 07:21

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа ауысты. Пандемия басталғалы аймақта коронавирустық инфекцияның 22 526 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері облыста КВИ-мен 1 082 азамат ауырды. Өткен тәуліктің өзінде 257 дерек анықталды. Өткен аймен салыстырғанда ауру көрсеткіші 7 есеге өсіп отыр.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шыналиев айтты.

Департамент басшысы өңірде 18 жастан асқан 633 372 адам екпенің бірінші компонентімен, 567 070 адам екінші компонентімен вакцинацияланғанын жеткізді.

Бұдан басқа, 29 119 жасөспірім, 1 942 жүкті және 3 283 бала емізетін әйел екпе алған, 57 540 адам қайта вакцинацияланды.

«Қазіргі уақытта «Дельта» штаммынан гөрі 5 есе тез таралатын және 70 есе тез көбейетін қауіпті «Омикрон» КВИ жаңа штамы айналымда жүргенде вакцинацияның маңыздылығын атап өту керек. Эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына және Жамбыл облысының «қызыл» аймаққа көшуіне байланысты карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы қаулы шығарылды. Білім беру объектілерінде жүргізілген мониторингке сәйкес, осы оқу жылында оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 379 жағдайы тіркелді», — деді спикер.

Байділда Сейділдаұлы Тараз қаласының 7 мектебінде оқушылар арасында коронавирус тіркелгенін мәлімдеді.

Олар: Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы, №47 Орта мектеп, №40 гимназия, №43 Орта мектеп, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы, И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында.

Муаллиф Сая Сембай
Калит сўзлар: Жамбыл облысы, Оқушы, Оқиға, Мектеп, Білім, Коронавирус,
Юқорига