Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Степногорск қаласында иісшіл иттің көмегімен үйге жасырылған есірткі табылды

28 Май 2022 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Степногорск қаласында иісшіл иттің көмегімен үйге жасырылған есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында болды. Қалалық полиция басқармасынан 3517-әскери бөліміне есірткі затын табуға көмек сұраған өтініш келіп түскен. Қала маңындағы жеке үйлердің бірінде есірткі жасырылған деген жедел ақпаратқа сәйкес әскери бөлімнен кинолог маман, ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов «Миранда» лақап аты бар иісшіл итімен аттанады.

Үйді тінту барысында «Миранда» бөлмелердің бірінде есірткі жасырылған жерді белгімен білдіреді. Нәтижесінде қызметтік ит көрсеткен жерден жасыл түсті 6 пакет табылды.

Ұсталған үй иесі одан әрі мән-жайды анықтау үшін қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

«Миранда» – есіткі затын табуға үйретілген қызметтік ит. Мінезі жақсы, оған ойнаған жағады. Тіпті бұл қызметін ойын ретінде көреді. Осыған дейін де ол әлденеше рет есірткі тапқан. Болашақта иісшілдігінен жаңылмайтынына сенімдімін, – дейді ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда жоғалып кеткен сарбаздың үш күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.


Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Есірткімен күрес, Қылмыспен күрес, Ақмола облысы,
Юқорига