Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Спортта жеңіске жетуге немесе жеңілуге барлық факторлар әсер етеді - Василий Левит

30 Июль 2021 00:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио -2020 Олимпиада ойындарындағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортта жеңіске жетуге немесе жеңілуге барлық факторлар әсер етеді. Менің жағдайдымда да солай болды. Бұл жерде пандемияда бар, басқа да жағдайлар әсер етті. Бұнымен өмір бітпейді, ол өз ағынымен жалғаса береді. Ең бастысы еңсені түсірмеу керек...», - деді Василий Левит әуежайда журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, спортшы барша жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Барша қолдаушыларға рахмет. Жанкүйерлердің қолдауын сезіндім, бастысы сол. Спортта жеңіске жеткенде де, жеңілгенде де қолдау өте маңызды. Өйткені қолдау көрсетудің арқасында жеңілістің ащы сезімін аса сезінбейсің», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елорда жұрты Токио Олимпиадасынан оралған боксшылар Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті әуежайдан қарсы алды.

Токио Олимпиадасында Василий Левит алғашқы кездесуінде испаниялық Эммануэль Рейес Пладан нокаутпен жеңілді.



Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Спорт, Бокс,
Юқорига