Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

6 Декабрь 2021 09:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 4 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - 4 науқастан.

Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің бірқатар өңірінде қайғылы жағдайлар болған. Тек Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.


Калит сўзлар: Коронавирус, Пневмония, Оқиға, Статистика, Медицина,
Юқорига