Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Соңғы екі аптада елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 28% кеміген

9 Декабрь 2021 09:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда соңғы екі аптада коронавиурспен аурушаңдық 28% төмендеген. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында осындай статистика келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде КВИ-дің 267 млиллионнан астам жағдайы, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймағының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 25 елінде аурудың өсуі байқалып отыр.

Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Францияда байқалды. Онда ауру 154%-дан астам, Португалияда – 80%-дан астам, Швецияда – 60%-дан астам, Италияда – 50%-дан астам өсті», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық 28%-ға төмендеді.

«Әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық деңгейі бойынша 108-орында, өлім-жітім бойынша 222 елдің ішінде 102-орында тұр.

Инфекциялық төсектердің жүктелімі 24%, реанимациялық төсектердің жүктелімі 21% болып тұр.

Ем қабылдап жатқандардың азаю динамикасы байқалады. Соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есе азайды –84 268-ден 22 353 науқасқа дейін», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Юқорига