Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Солтүстік Кореяда бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырды

20 Май 2022 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда ресми билік тарапынан «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың саны өсіп барады. Бір тәулікте 263 мың адамның жұқтырғаны анықталды, 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Дертке шалдыққандардың жалпы саны 2,241 млн-ға жетті, 65 адам көз жұмды. Сонымен қатар, науқастардың 1,5 млн жуығы айығып, тағы 754,8 мыңы емін жалғастырып жатыр.

Айта кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 16 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.



Калит сўзлар: Әлем, Коронавирус, Денсаулық, Медицина,
Юқорига