Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалды

25 Сентябрь 2021 19:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүк көлігі жылу құбырына соғылып, салдарынан бірнеше үйді жылудан ажыратуға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде жылу құбырының жарылғаны туралы видео тарады. Шапшыған ыстық су бірнеше метр биіктікке көтерілді.


Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, апат бүгін, облыс орталығындағы Мүсірепов, 6 мекенжайында болған. Жылу желісіне жүк көлігі соғылып, диаметрі 100 мм болатын құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір апат орнында «Петропавл Жылу желілері» ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр. Құбырды қалпына келтіру үшін жылу берушілерге 6 көпқабатты үйді және бір әлеуметтік нысанды жылудан уақытша ажыратуға тура келді. Жөндеу жұмыстары 2-3 сағатқа созылмақ.


Юқорига