Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да коронавирус жұқтырған 37 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр

9 Декабрь 2021 10:09

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 83 адамнан коронавирус анықталды, екі науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 1 795 адам ПТР тест тапсырған. Олардың 83-інің нәтижесі оң болып шықты. Қазір жұқпалы аурулар стационарларында 399 адам ем алып жатыр, емдеу мекемелері 24 %-ға ғана жүктелген. 19 адам карантин, 37 адам жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған.

Өткен тәулікте екі науқас коронавирустан көз жұмды. Жалпы індет басталғалы өңірде 390 адам қауіпті инфекцияны жұқтырып, қайтыс болды. Қазіргі уақытта СҚО-да 33 508 адам КВИ жұқтырса, 29 612 адам тәуір болып қатарға қосылды.

Еске сала кетсек, Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Солтүсітік Қазақстан облысы «сары» аймақта тұр.




Юқорига