Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 51 адамның атына заңсыз несие ресімдеген шымкенттік сотталды

14 Октябрь 2021 14:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 541 интернет алаяқтық қылмысы жасалды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алаяқтықтың заманауи түрлері» тақырыбында брифинг өтті. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, биылғы 9 айда 541 интернет алаяқтық тіркелді, былтыр осы кезеңде 294 қылмыс жасалған.

«Әдетте, мұндай жағдайлардың барлығында қылмыскерлер біздің республикамыздың басқа аймақтарында немесе көрші мемлекеттерде тұрады. Биыл тіркелген фактілердің 130 жағдайында күдіктілер еліміздің басқа өңірлерінде, ал 172 жағдайда басқа елдерде болған. Интернет алаяқтық республиканың барлық аумағында өскен және жыл сайын іс жүзінде 2 есеге көбейіп отыр. Негізгі болжамды себептер интернет желісінде сауда-саттықтың дамуы, қолма-қол төлемнен халықтың бас тартуы, сондай-ақ халықтың ақпараттық сауатсыздығы», - дейді Марат Жұмалиев.

Өңірде негізінен банк қызметкері болып қоңырау шалу, танымал жарнама сайттарында тауарларға тапсырыс қабылдау, қысқа уақыт ішінде қаражатты көбейтуге уәде беру секілді алаяқтық кең тараған. Фейктік хабарламаларды анықтау мақсатында интернет кеңестігіне мониторинг жүргізіліп, 1027 хабарлама тексерілген, 91-і бұғатталды. СҚО-ның 88 655 тұрғынына стационарлық және мобильді телефондар арқылы интернет желісіндегі алаяқтық туралы аудиожазба жолданған.

«Алматыда 32 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Қарағанды облысының тумасы ұсталды, ол Олх сайтында автокөліктерге қосалқы бөлшектерді төмен бағамен жеткізу туралы фейк хабарландыру жариялаған. Оның құрығына 40 адам іліккен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Шымкентте интернет желісінде жарияланған құжаттардың фотосуреттерін пайдаланған 32 жастағы ер адам ұсталды, ол адамдарға микроқаржы ұйымдарында онлайн-несие ресімдеген. Алаяқтықтың 51 фактісі анықталды. Қылмыскер 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - дейді басқарма басшысы.


Юқорига