Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

20 Октябрь 2021 19:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 300 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысы үнемделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, агенттік қызметіндегі басым бағыттардың бірі - квазимемлекеттік және корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер осындай жұмыстың құралы ретінде айқындалды.

«Облыс аумағында комплаенс-қызмет институты тарату және банкроттық рәсімдерден өтіп жатқан компанияларды есепке алмағанда, квазимемлекеттік сектордың барлық 190 субъектісін қамтыды. Олармен комплаенс-офицерлер өз араларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша апта сайын кездесулер ұйымдастырды», - дейді Нұрлан Жахин.

Бюджетті жоспарлау кезеңінде оның орынсыз жұмсалу фактілеріне жол бермеу мақсатында кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық орнатылған.

«Осылайша, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына жасалған мониторинг қорытындысы бойынша жоспарланған сатып алу бағаларын көтерудің 31 фактісі анықталды. Олар бойынша 26 мемлекеттік орган бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесінде сатып алу бағасын 292,8 млн теңгеге төмендету мүмкін болды», - дейді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.


Юқорига