Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сирияда лаңкестер автобусты жарып жіберді

20 Январь 2022 08:09

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Дераа провинциясының орталығына жақын жерде (Дамаскіден 110 шақырым жерде) террористер Сирия қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мінген автобусты жарып жіберді. SANA агенттігінің хабарлауынша, лаңкестердің қарулы әрекеті нәтижесінде қауіпсіздік қызметінің 12 қызметкері жараланған.

Агенттіктің хабарлауынша, жарылғыш зат автобус Саида ауданындағы жол өткеліне жақындаған кезде іске қосылған.

Сондай-ақ, үкімет күштері мен оппозиция жауынгерлері арасындағы жергілікті татуласу туралы келісімнің жүзеге асырылуына қарамастан елдің оңтүстік өңірлерінде лаңкестік әрекеттер жалғасуда. Оның шарттарына сәйкес, Сирия билігі 2021 жылы оппозициялық топтардың 7,5 мыңнан астам мүшесіне рақымшылық жасады, деп хабарлады агенттік.


Калит сўзлар: Әлем, Оқиға,
Юқорига