Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады

25 Октябрь 2021 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Сондай-ақ 27-28 қазанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 26 қазанда екпіні 25 м/с артады.


Калит сўзлар: Ауа райы, Қазгидромет, Қоғам,
Юқорига