Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда сатушы әйел өзі жұмыс істейтін дүкеннен ақша ұрлаған

15 Октябрь 2021 04:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы дүкенде жұмыс істейтін әйел кассадағы 2 млн теңгені қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына жергілікті жеке кәсіпкер жүгінген.

Өз сөзінде ол қол астында жұмыс істейтін 28 жастағы сауда өкілінің ірі көлемде ақша жымқырғанын жеткізді.

«Белгілі болғандай, әйел адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Глубокое ауылында орналасқан дүкеннен ақша ұрлаған. Осының салдарынан жәбірленушіге келген жалпы шығын мөлшері – 1 900 000 теңгеден асты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 28 жастағы күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Муаллиф Талғатжан Мұхаметбекұлы
Калит сўзлар: Заң, Шығыс Қазақстан облысы, Оқиға,
Юқорига