Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Швецияда тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді

28 Сентябрь 2021 14:10

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Швецияның Гётеборг қаласындағы тұрғынүйде болған жарылыс салдарынан 25-ке жуық адам ауруханаға жетізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Сальгренск университеттік ауруханасының таратқан хабарламасына сәйкес, зардап шеккен үш әйел ауыр жарақат алған.

Оқиға орнында эвакуациялау және өртпен күрес жүргізу үшін апаттық-құтқару қызметтері жұмылдырылған.

Жарылыстан бірнеше пәтер мен баспалдақ бүлінгені айтылады. Қазіргі кезде жарылыс себептері нақтылануда.

Жарылыс пен өртке жақын аумақтардағы бірнеше жүздеген адам эвакуацияланған.

Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Алайда елде жарылғыш заттар мен қару қолданып жүрген түрлі қылмыстық топтардың көбейіп жатқаны хабарланып отыр.


Юқорига