Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы түзету мекемесінде ішімдік ішіп рульге отырған 42 адам жазасын өтеуде

1 Август 2021 17:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемесінде ішімдік ішіп рульге отырған 42 адам жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі ОВ-156/16 мекемесінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған 42 адам темір торда жазасын өтеуде. Олар алкогольден, есірткіден мас күйде көлік тізгініне отырып, ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотталған.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қылмыстық істер жүргізіліп жатқан 12 адам ОВ-156/1 мекемесіндегі тергеу изоляторына қамалды.

«Ішімдік ішіп, рульге отырған адам өз өмірін ғана қатерге тікпейді, өзгелерге де қауіп төндіреді. Ішімдік ішпес бұрын, осыны ойлау керек. Бұл қылмыс үшін заң алдында қатаң жаза қарастырылған, – дейді ОВ-156/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы, әділет капитаны Ж. Сейтқазинов.


Муаллиф Талғатжан Мұхаметбекұлы
Калит сўзлар: Қоғам, Заң, Шығыс Қазақстан облысы,
Юқорига