Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасы тексерілді

16 Май 2022 19:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылдары халқының наразылығын туғызған шошқа фермасына қатысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданында аталған мәселеге орай тұрғындармен кездесу өтті.

Онда жиналғандар шошқа фермасы мен мал сою алаңынан шыққан қалдықтардың адам денсаулығына және табиғи ортаға келтіретін зияны туралы айтты.

«Соған орай департамент зертханасының мамандары химиялық талдау жасау үшін ферма аумағындағы жер мен ұңғымалардағы жерасты суынан сынама алды. Енді зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Оның нәтижелері алдағы күндерде белгілі болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Анықталғандай, «Родничок» шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы Шмелев Лог және Лесхоз ауылдарында жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын рәсімдемеген.

Мәселе облыс прокуратурасының да бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы шошқа фермасының бірнеше ауыл халқының наразылығын туғызғанын хабарлаған едік.



Юқорига