Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да құтқарылған бірқазан пойызбен Алматыға жеткізілді

17 Октябрь 2021 21:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарылған бірқазан Алматы зообағына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірқазан Шығыс Қазақстан облысы Глубоковское ауданының Белоусовка ауылында табылған. Жараланған құсты ауыл тұрғындары байқап, қаңғыбас иттерден құтқарып қалған.

Қызыл кітапқа енген құс бүгін пойызбен Алматы қаласына жеткізілді.

«Бұл – қызғылт бірқазанның балапаны, туғанына үш ай ғана болған.
Ол жұмыртқасынан кеш шығып, қыстайтын мекеніне ұшып кетуге күші жетпеген», - делінген Алматы зообағының мәліметінде.

Зообақ ақпаратына сүйенсек, ШҚО-дан жеткізілген құс биылғы күзде Алматының жануарлар бағына жеткізілген екінші кішкентай бірқазан.

«Біріншісі бізге екі апта бұрын Ақтау қаласынан жеткізілді.
Шығыс Қазақстаннан әкелінген бірқазан өзге құстардан оқшауландырылып, алдымен бір ай ветеринария бөлімінде карантинде болады. Дәрігерлеріміз оның денсаулығын тексеріп, бақылып, әртүрлі зиянкестерден тазартып, құс ауруларынан сақтайтын арнайы екпелер салады.
Содан кейін ғана ол Фимке, Халифу сияқты тұқымдастарына қосылып, бірқазандар үйіне ауыстырылады», - деді зообақтан.




Юқорига