Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да коронавирус стационарлары 15,6% жүктелген

8 Декабрь 2021 18:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 15,6% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 33 адам тіркелді. Оның ішіндегі 32 науқаста симптом бар болса, 1 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 47 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 4 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 367 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 15,6% құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырған 353 адамның жағдайы ауыр екендігі хабарланған.



Юқорига