Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да айыппұлын төлемеген 150 адамның көлігі арнайы тұраққа қойылды

27 Январь 2022 16:17

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында айыппұлын төлемеген 150 адамның көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полицейлері өңір аумағында тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды анықтау мен заңсыздықтың жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. 19-26 қаңтар аралығында тәртіп сақшылары бірқатар құқықбұзушылықты тіркеді.

«Жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемеген 150 жүргізушінің көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 5 310 477 теңгені құрайды. Жалпы тексерулер нәтижелері бойынша барлығы 5961 әкімшілік материал толтырылды», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы ерекше өкімге дейін жалғасады.



Муаллиф Талғатжан Мұхаметбекұлы
Калит сўзлар: Қоғам, Көлік, Шығыс Қазақстан облысы,
Юқорига