Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ

24 Сентябрь 2021 10:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш жылда 197 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі ел халқына Жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырған еді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыс барысында өңір аумағын көгалдандыру мәселесі талқыланды.

«Алдағы үш жылда өңірде 197 миллионнан астам ағаш отырғызу көзделген. Аймақ бойынша көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін нақты жоспар құрылды. Алайда кейбір әкімдер үлкен әлеуеті бар ірі қалаларда отырғызылатын ағаш санын аудандармен бірдей қылып көрсеткен. Бұл дұрыс емес. Сондықтан он күн ішінде осы олқылықтың орнын толықтыруды тапсырдым», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 2 миллиард ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін интерактивті карта әзірленіп жатқандығы хабарланған болатын.


Юқорига