Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 100-ден астам адам КСРО-ның қызыл паспортымен тұрып келген

29 Июль 2021 21:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында КСРО-ның қызыл паспортымен тұрып жатқан 100-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің сақшылары 1974 жылғы КСРО паспортын уақытында ауыстырмаған тұрғындарды анықтау бойынша бірқатар шараларды қолға алған.

Жеке бас құжаттарының болмауына байланысты олар жәрдемақы мен зейнетақы ресімдей алмайды. Заңды еңбек етуге де мүмкіндіктері жоқ.

«Жыл басынан бері КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген 100-ден астам адам анықталды. Мәселен, Абай ауданының полиция бөліміне 52 жастағы Семей қаласының тумасы хабарласқан. Ол 1980 жылы Ресей Федерациясының Новосибирск қаласына тұрақты тұру үшін шығып кетіп, сол жерде 1974 жылғы КСРО паспортын ресімдеген. 1990 жылдың басында Қазақстанға оралып, күйеуге шығып, бала-шағалы болған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытқа дейін әйел адам ескі паспортпен тұрып келген.

Көші-қон қызметінің мамандары көрші мемлекеттен қажетті құжаттарға сұрау салды. Көп ұзамай тиісті құжат келіп жетті.

Өз кезегінде әйел адам жеке бас құжатын ресімдеуге көмек көрсеткен полицейлерге алғысын жеткізді.

Енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен бірдей пайдалана алады.


Муаллиф Талғатжан Мұхаметбекұлы
Калит сўзлар: Оқиға, Шығыс Қазақстан облысы,
Юқорига