Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 10 жылдан астам уақыт бұрын адам өлтірген әйел ұсталды

20 Октябрь 2021 11:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бұрын адам өлтірген әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдың сәуір айында «Аягөз-Қарағанды» тасжолының бойында 35 жастағы Аягөз ауданы тұрғынының мәйіті табылған. Аса ауыр қылмысты ашу бойынша тергеу әрекеттері нәтиже бермей, қылмыскерді анықтау мүмкін болмады.

«Соған қарамастан полицейлер іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде, биылғы қазан айында Риддер қаласында тұратын 51 жастағы әйел ұсталды. Күдікті жиналған дәлелдер мен айғақтарды көргеннен кейін бірден қылмысын мойындады. Өз сөзінде ол мұндай қадамға сүйіктісіне деген қызғаныштан барғанын жеткізді. Ер адам оның көзінше марқұмға тым көп көңіл бөлген. Бұған ашуланған әйел адам жәбірленушіні пальтоның белбеуімен қылқындырып өлтірді», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.




Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Әйел 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Юқорига